Павлодарлық кәсіпкер 5 миллион теңгеге алданып қалған

Осы жылдың сәуір айында кәсіпкер Игорь Александров біздің редакцияға келіп тергеудің ұзақ созылғанына наразылық білдірген еді. Ол солярка әкеп берем деп уәде еткен павлодарлыққа бес млн теңге берген. 2021 жылдың қазан айында дизель отыны тапшылығы орын алғандықтан жанр жағар май станциясының иесі осындай тәуекелге барып, соңында ақшасыз қалған. Тәртіп сақшылары қылмыстық істі сотқа дейін жеткізген, онда ер адамды кінәлі деп тапты.

 

- 190 баптың 3 бөлімі ең көп дегенде 7 жылға дейін темір торға қамау жазасын қарастырады. Жеңілдететін жағдайларды ескеріп, сот Ж. деген азаматты 4 жыл алты айға бостандығын шектеу жазасын тағайындады, - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

38 жастағы павлодарлықты кәсіпкерге 2 млн 700 мың теңге материалдық шығын беруге міндеттеді. Қалған соманы ол үкім шыққанға дейін қайтарған. Игорь Александровтың сөзінше ол алаяқты бас бостандығынан айыруды сұраған. Дегенмен де аппеляциялық шағым түсірмейді.