• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлық кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтергені үшін 100-ден астам айыппұл салынды

Павлодарлық кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтергені үшін 100-ден астам айыппұл салынды

Павлодар облысында сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты дүкендерге тексеру жүргізілуде. Салаға жауапты департамент мамандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына ерекше назар аударып отыр.

 

- 2026 жылдың 10 айында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты сауда заңнамасының талаптарын сақтау бойынша 166 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде әкімшілік ықпал етудің 144 шарасы қабылданып, жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеден асатын 139 айыппұл салынған. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыра қолданғаны үшін 103 әкімшілік айыппұл салынып, олардың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге жеткен, - деп хабарлады Павлодар облысы сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде.

 

Департаментте баға мониторингі жалғасып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар павлодарлықтар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз көтерілген жағдайда ведомствоға шағымдана алады. Ол үшін өтінішке бағаны растайтын фотосуретті, кассалық чекті және өзге де дәлел құжаттарды қоса тіркеу қажет.