Павлодарлық мас күйде өзге біреудің көлігіне кірпіш лақтырған

 

 

Салдарынан бөтен авто терезесі сынған. Қуанышқа орай, көлік ішіндегі жолаушылар зардап шеккен жоқ дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар қаласындағы Чайковский көшесінің бойындағы бұзақылық әрекет ауладағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мас күйдегі ер адам есік алдында тұрған көлікке көзі түскен.

 

- Ауладағы Toyota Camry маркалы автокөліктің артқы терезесіне кірпіш лақтырған. Полиция қызметкерлері біреудің мүлкін қасақана жойып, бүлдіргені үшін ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, сот оны 10 тәулік мерзімге қамауға алды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

 

Айту керек, жыл басынан бері Павлодарда бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін облыстың 194 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Фото: Freepik.com