Павлодарлық ойын приставкаларын жалға алып, сатып отырған

 

 

Қылмыстық схеманы ойлап тапқан ер адам үш жылға абақтыға қамалды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Тергеу материалдарына сәйкес 33 жастағы ер адам «Sony PlayStation» ойын приставкасын хабарландыру сайтынан тапқан.

 

-Оны жалға берген қожайыны приставкасын қайтара алмаған соң полицияға жүгінген. Қаскүнем өз кінәсін толық мойындады. Қылмыстық істі алаяқтық дерегі бойынша қарады. Ер адамның 2021 жылы жәл осындай бап бойынша бостандығы шектелгенін ескере отырып, бұл жолы оны бас бостандығынан айырды,- деп жеткізді облыстық сот баспасөз қызметінде.

 

Фото: Freepik.com