• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлық полиция смартфон ұрлықшыларын іздеп, тексерісті күшейтпек

Павлодарлық полиция смартфон ұрлықшыларын іздеп, тексерісті күшейтпек

 

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан смартфондарды тексерген жағдайда түсіністікпен қарауға шақырды деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Жедел профилактикалық іс-шарасы 28-29 наурыз аралығында өтеді. Тексеріс аясында ұялы телефон ұрлығының алдын алуды болдырмау және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру көзделуде.

 

-Ұрлық, ұрланған смартфондарды сатып алуға және сатуға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды қолға түсіру, жауапқа тартуға бағытталған іс-шаралар барысында «криминалдық заттар» санаты бойынша ұялы телефондарды тексеру жүзеге асырылады, – деп мәлім етті облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

 

Сондай-ақ, ұялы телефондарды сатып алу, жөндеу және сату орындары, қабылдау және сату журналдары міндетті түрде тексеріледі. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бүгінгі таңда облыс аумағында 66 ұялы телефон ұрлығы тіркелген.

 

Фото: Freepik.com