• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлық інісінің өлімін бейнеге түсірген адамды қамауға алуды сұрайды

Павлодарлық інісінің өлімін бейнеге түсірген адамды қамауға алуды сұрайды

Александрдың айтуынша інісі қаланың солтүстік аймағындағы бір кәсіпорында жұмыс істеген. Алайда онда оған жалақысының бір бөлігін бермей қойыпты. Қыркүйек айында соны алу үшін жұмыс орнына барған. Сол күні Андрей мен оның жұмыс берушісі сөзге келіп қалады. Сол сәтте оқиға орнына ғимарат иесі де келеді. Қолында қаруы бар ол Андрейді соққыға жыға бастайды. Ал жұмыс берушісі мұның барлығын камераға түсіріп, қарап тұрған. 

 

- Барлығы қорқып, қарап тұрды. Ол болса жолаушы отыратын есікті ашып, Андрейді қалай соққыға жығып жатқанын камераға түсіріп алады. Басқасы қолындағы қарумен Андрейді атып жібереді, - деді Андрей Шиллердің ағасы Александр Коваленко.

 

Александр інісін мерт қылған ер адаммен қатар камераға түсіріп тұрған Андрейдің жұмыс берушісін де жазалау керек деп есептейді. Іс жүзінде оқ атқан адамды ғана қамауға алған. Қазір қылмыстық іс сотта, дегенмен де жапа шегушілер оны қайтадан тергеу үшін прокурорларға қайтаруды талап еткен. 

 

- Менің наразылық білдіріп отырғаным - осының барлығын камераға түсірген кісі оны өлтіруге арандатушы, осының барлығын ұйымдастырушы бола тұра қазір жауапкершіліктен құтылып кетті. Қазір бостандықта жүр. Әу баста менің інімді өлтіру оның жоспарында болған деп есептеймін, - деді Александр Коваленко. 

 

- 2021 жылғы сот қаулысына сәйкес қылмыстық іс басты сот тергеуін тағайындауға кедергі болған кейбір олқылықтарды анықтау үшін прокурорға қайтарылады. Қазір ол қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ. Және оған процесске қатысушылар шағымдана алады, - деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз хатшысы  Жанна Тергемесова.

 

Қазір марқұмның туысқандары бейнені түсірген ер адамды да қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын қалайды. Ал елу бес жастағы азаматқа бұзақылық әрекеттен туған адам өлтіру дерегі бойынша айып тағылған. Ол өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.