Павлодарлық қызғаныштан бірге тұратын әйел мен көршісін пышақтаған

Оқиға Назарбаев даңғылындағы пәтерлердің бірінде болған. Көңілді отырыстан кейін ер адам ұйқыға кеткен. Оянған кезде ол ас үйде әйелдің жалаңаш жатқанын көрген, ал жанында танысы болған. Ашуға булыққан ер адам екеуін де пышақтап тастаған. Зардап шеккендер тірі қалған, ал полицейлер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

- Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, кінәні толық мойындағанын, шын жүректен өкінгенін, сондай-ақ жәбірленушілердің пікірін ескере отырып, сот қылмыстық-атқару жүйесіның қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.