• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлық әйел көлік тұрағында апат жасап ізін суытқан жүргізушіні іздестіруде

Павлодарлық әйел көлік тұрағында апат жасап ізін суытқан жүргізушіні іздестіруде

Зауыттардың бірінің қасындағы көлік тұрағы. Сағат түнгі үш. Кадрлардан көрінгендей жеңіл көлік орынға кіріп, шетелдік темір тұлпарға соғылады. Кейін кінәлі ЖКО орнын тастап, ізін суытады. Барлығынан бұрын Ирина Любенконың машинасы зардап шеккен. Қазір темір тұлпары арнайы тұрақта. Соққан адамды іздеуде.

 

- Біз машинаны наурыз айында 4 800 000 теңгеге сатып алған едік. Несиесін төлеп отырмыз. Ол адам бізді шығынға батырды. Кузов жарылып, шынысы сынған, бояуы түсіп қалды. Барлығы көліктің қасында шашылып жатты, - дейді Ирина Любенко. 

 

 

Бақылау камерасының бейнесін тірнектеп жинаған. Жүргізуші жол көлік апатынан соң басқа тұраққа кетіп қалып, сол жерде 7 минуттай тұрған. Кейін бұрылып қала жаққа кеткен. Әйел мұны көрген павлодарлықтар болса полицияға хабарлауды сұрайды.

 

- Қазіргі таңда барлық іздестіру шаралары жүргізілуде. Маңайдағы барлық бақылау камералары тексерілді. Бүгінде көлік құралының болжалды маркасын білеміз, - деді Павлодар облысы ПД ЖПҚ инспекторы Медет Қайырбеков.

 

 

 Полицияда жол көлік апаты және апат орнынан кетіп қалу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. Егер ізін суытпаса, тек айыппұл төлейтін еді. Енді жүргізу құқығынан да айрылуы мүмкін. Ирина Любенко кінәлі адам мас болған деп болжайды. Сол себепті қашып кеткен.