Павлодарлық әйел көңілдесін өзге танысынан қызғанып, пышақ жұмсаған

 

Бұған алкогольдік ішімдік негіз болған екен деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі

 

Жанжал жылдың басында орын алған. Олар барлығы бірге қонақта болған, ішімдік ішкен. Бір уақытта әйел өз жігітінің басқа әйелге ықыласы ауып отырғанын байқаған. Ұрыс шығарған соң ері өзге әйелмен бірге шығып кеткен. Ал түн ортасында үйге қайта оралғанда 51 жастағы азаматша қайтадан ренішін білдіріп, қолына екі пышақ алған. Оны тыныштандырмақ болғаннан еш нәтиже шықпаған, нәтижесінде сүйіктісінің ішіне пышақ тығып алған. Қылмыстық істі нөмір екінші сотта қарады. Айыпталушының төрт жылға бостандығын шектеді.