Павлодарлық әйелді металл құбырмен ұрған

 

58 жастағы ер адам өзін балағаттаған танысына тап берген дейді irbistv.kz тілшісі

 

Жанжал маусым айының басында жеке секторда орын алған. Ол үйге ішіп келген, ал далада отырған әйел де аздап ұрттап алған болса керек. Екеуі сөз таластырып, күдікті қолына құбырды алып, басынан, денесінен, аяғы мен қолына соққы жасаған. Кейін жапа шегушіні қуып шыққан. Қылмыстық істі сотта қарады. Жапа шегуші әйелдің тыңдауларда жанжалды өзім бастадым дегеніне қарамастан айыпталушы жазадан құтыла алмады. Оны үш жылға бас бостандығынан айырды.

 

Фото: Freepik.com