Павлодарлық әйелдің үстіне қоқыс жәшігі құлап, жарақат алған

Оқиға Ломов-Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында орын алған.Қызметкерлер әдеттегідей қоқыс жинап жүрген. Ер адам арнайы құрылғыны басқарса, нәзікжанның міндеті жерге түскен қалдықты жинау болған. Контейнер биіктікке көтеріліп барып жерге құлаған. Ал оның астында жұмысшы қалған. Бүгінде оның жамбасы, белі сынған, тіпті, жүре де және отыра да алмайды. Бұл ретте, әріптесі сотта кінәні жоққа шығарды, жәбірленушінің өзі қауіпсіздік техникасын бұзғанын нұсқады. Контейнердің астында тұруға болмайды делінген. Барлық дауларға қарамастан, ол жауапкершіліктен құтылды.

 

- А есімді азамат жасаған іс-әрекет 2022 жылғы 3 наурызда қылмыстық іс санатына жатады, яғни ол бұзушылық жасалған күннен бастап бір жыл өтті. Сот үкімімен ол 156-баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған бір жыл мерзімге қоқыс шығару қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 40 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындалды. Қылмыстық Кодекстің 71-бабының негізінде сотталушы А. мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Қылмыстық іс бастапқыда абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісімен сотқа келіп түсті. Дегенмен "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша үкіммен аяқталды. Сондай-ақ, айыпталушы жәбірленушіге емдеуге жұмсалған соманы төлеуге міндеттелді.