• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлық өрт сөндірушілер жанармай бекетінің жарылысын алдын алды

Павлодарлық өрт сөндірушілер жанармай бекетінің жарылысын алдын алды

 

 

Облыс орталығындағы жанармай құю станциясындағы ауқымды өрт бейнелері әлеуметтік желіде тарап, тұрғындар алаңдаушылық білдірген еді. Оқиға орнына төтенше жағдай мамандары жұмылдырылып, қайғылы жағдайды алдын алу мүмкін болды дейді irbistv.kz тілшісі.

Өрт Павлодар қаласының шығыс өнеркәсіптік аймағында орын алған.

 

анармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейіннен от автожуу ғимаратына ауысқан. Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда,-деп атап өтті облыстық ТЖД.

 

Фото: облыстық ТЖД.