• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 10 тонна гуманитарлық көмек жинады

Павлодарлықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 10 тонна гуманитарлық көмек жинады

 

 

Павлодардағы жинау пункті тәулік бойы жұмыс істейді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Жүк көліктеріне бүгін алғашқы қажеттілік тауарларын, азық түлік, киім-кешек пен көрпе-жастық, гигиеналық заттарға дейін тиеді. Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясындағы этно мәдени орталықтардың 3 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік, киім кешек пен дәрі дәрмек алған.

 

- Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы өзіміздің гуманитарлық көмегімізді көрсетейік деп өзіміздің жинаған заттарымызды жіберейік деп отырмыз. Ассамблеяда 24 орталық бар. Сол 24 орталық қол ұшын беріп, өздерінің ұйымшылдығымен, ынтымақпен осындай заттарды жіберіп отырмыз,-деді Қазақстан халқы ассамблеясы қырғыз этномәдени орталығының төрағасы Болат Оразбаев.

 

-Гуманитарлық көмектің Ақтоғай ауданындағы Жалаулы ауылындағы су тасқынынан соң қиын жағдайға тап болған 15 отбасыға жөнелтілді. Ал бүгінгі партияны қазір реттеп, сұрыптап Қостанай және Ақмола облыстарына жөнелтеміз,-деді «Ассамблея жастары» жауапты хатшысы Эльдар Захаров.

 

Кәсіпкерлер, еріктілер, этно мәдени орталықтармен қатар қарапайым қала тұрғындары да барынша көмектескен. Естеріңізге сала кетейік, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетем деушілер Ломов, 38 мекенжайында орналасқан ЖБДО тәулік бойы жүгіне алады.