• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлықтарды жырадан және ағаштан өзенге секіргені үшін жазалады

Павлодарлықтарды жырадан және ағаштан өзенге секіргені үшін жазалады

Құтқарушылардың ақпараты бойынша бұл су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады. Және балалары қараусыз жүрген ата-аналарды да жауапкершілікке тартты. Жыл басынан бері 49 әкімшілік хаттама толтырған дейді irbistv.kz тілшісі

 

Павлодар облысында 47 ресми рұқсат етілген шомылу орны бар. Ал тыйым салынған орындар бұдан үш есе көп. Құтқарушылардың айтуынша жыл басынан бері бес жарым мыңңан астам рейд жүргізген. Және 700 мың теңгеге жуық айыппұл салған.

 

- Белгіленбеген орындарда шомылу. Көбінесе Усолка мөлтекауданы мен Зеленая роща аумағында анықталып жатады. Екіншісі – балаларды қараусыз қалдыру бойынша 11 дерек. Сонымен қатар ағаштан секіргендер де бар,-деді Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбай.

 

Мұндай ереже бұзушылық үшін айыппұл шамамен 26 мың теңге. Заң бойынша ескерту қарастырылмаған. Құтқарушылар кез келген қаелік судағы ажалға әкелуі мүмкін дейді. Статистика жаға ұстатады. Жыл басынан бері 9 дерек тіркелген, оның екеуі бала. Бүгін тағы ер адамның денесін тапты.

 

- Ол осы айдың 20-сы күні батып кетті. Оқиға күндіз болған. Куәгерлердің айтуынша олар ішімдік ішкен. Ол суға сүңгіп кетіп, қайта шықпаған,-дейді Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбай.

 

Айта кету керек, Павлодар әкімдігінің мердігерлік ұйымы да жазаға тартылды. «Коммунсервиске» қалалық жағажайлардағы асуғаа болмайды деген белгілердің аздығы үшін және қоғамдық құтқарушылардың құтқару кеудешелері болмағаны үшін айыппұл жазып берді.

 

 

Фото: Freepik.com