• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлықты тұрғын үйді өртегені үшін төрт жылға темір торға қамады

Павлодарлықты тұрғын үйді өртегені үшін төрт жылға темір торға қамады

Ольга Шкребец саяжайдағы үйін бірнеше жыл бойы өз күшімен салған. Бұдан басқа, оның тағы екі бақшасы бар. Айтуынша, бір ер адамды көмектеседі деген ниетпен тегін тұрғызуға келіскен. Бүгінде баспананың тек күлі ғана қалған. Ер адам бір айдан соң оны менің атыма жазып бер деп қорқытыпты. 2021 жылдың қыркүйегінде өлтіремін деп қоқаң-лоқы көрсетіп, меншік иесі жасауын талап еткен.

-Ол мені ұрып-соқты. Мен қашып үлгердім. Бір уақыттан соң маған біздің бағбаншылықтың төрайымы Альфия қоңырау шалып Оля үйің өртеніп жатыр деп айтты. Кейін оның от қойғанын білдім. Ол маған егер саяжайды менің атыма жазып бермесең, өртеп жіберемін деп үнемі қорқытатын, -дейді үй иесі.

Нәтижесінде үйдің түгі қалмады. Қазір әйел моншада түнейді, қаңғыбастар мүлкімді талан-таражға салуда дейді. Айтуынша қылмыстық істі ұзақ тергеген. Бірден қамауға алмапты. Жақында ер адамға үкім шығарды.

-ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздіктегі мекемесіне қамау жазасы тағайындалсын, - Павлодар қаласының №2 сотының судьясыӘйгерім Байсолтанова.

Ер адам бұрын адам өлтіргені үшін сотталған. Ол туралы Ольга үйін жағып жібергеннен кейін бір-ақ біліпті. Сот үкімімен ер адамды әйелге материалдық шығын төлеуге міндеттеді. Алайда Ольга ақшаны алатынына үміттенбейді. Айтуынша құжаттары жанып кеткендіктен әкімдіктен көмекке үміттене алмайды. Қазір ол мейірімді жандардың жомарттығына ғана сенеді.