Павлодарлықтың үйінен 33 келі марихуана табылды

 Арнайы мамандар Павлодардың 67 жастағы тұрғынының үйіне басып кіріп, күтпеген жедел тінту жүргізді. Дегенмен де мұндай көлемдегі есірткіні ол тығып та үлгермес еді. Марихуана мен наша орамаларға жеке жеке түйілген болып шықты. Нәтижесінде барлық тауар тәркіленді.

 

- Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Биыл есірткінің заңсыз айналымы саласында 59 қылмыс жасалған, оның 47-сі есірткі және психотропты заттарды сатуға байланысты, -деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанар Белялова.

 

Есірткінің көлемін ескергенде бап бойынша оннан он бес жылға дейін қамалуы мүмкін. Сот үкімі шыққан соң барлық тәркіленген тауар жойылады.

 

Бибінұр Хамитқызы