Павлодарға есірткі тарату үшін арнайы келген алматылық әйел ұсталды

Тінту шаралары барысында одан 1,5 келіге жуық «α-PVP» синтетикалық есірткісі және 30 грамдай мефедрон табылып, тәркіленді.



— Күдікті әлеуметтік желі арқылы курьер болып жұмыс істеу туралы ұсыныс тауып, тыйым салынған заттарды өткізу үшін Алматыдан Павлодарға арнайы келгені анықталды, — деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінен.



Аталған ұстау шарасы есірткі бизнесіне қарсы жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстың бір бөлігі саналады. Тек қараша айының алғашқы онкүндігінде елімізде 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталып, оның 35-і қылмыс санатына жатқызылды. Осы аралықта барлығы 35 күдікті құрықталды.



Жалпы заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 190 келі марихуана, 13 келіге жуық синтетика және төрт келі гашиш бар.