Полицейлер Павлодардағы заңсыз қоқыс орындарында рейд жүргізді



Полиция қызметкерлері тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу деректерін анықтау бойынша рейд жүргізді деп хабарлайды irbistv.kz.

Жергілікті атқару органдардың өкілдерімен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоқысты заңсыз төгудің екі дерегінің алдын алған. Аталмыш заң бұзушылықтар бойынша абатандыру ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылды.


- Мұндай шаралар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Ол халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, сонымен қатар қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін ретсіз көңқордалардың алдын алуға бағытталған, - деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінде.

 

Фото: Облыстық ПД