Полицейлер сәуір айында жоғалған павлодарлықты тапты

Полицияға 30 жастағы павлодарлықтың анасы хабарласқан. Әйел адам сәуір айында ұлының үйден шығып кеткенін, содан бері хабар-ошарсыз кетіп, байланысқа шықпағанын айтқан, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Іздестіру шаралары барысында полицейлер жоғалған азаматтың Қарағанды облысы, Саран қаласының далалық аумағында жүргенін анықтады.

 

Анықталғандай, ер адам нәпақа табуға кетіп, телефонын жоғалтып алған, ал жаңасын сатып алуға қаражаты болмаған. Жас жігітке қатысты ешқандай қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалмаған, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.