Полицейлер төбелеске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады

Павлодар облысы полиция департаменті оқиғаның Ақсу қаласында орын алғанын және оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталғанын мәлімдеді.

- Ақпанның 28-і түнгі сағат 1-лер шамасында Доспанова көшесіндегі үйлердің ауласында екі жас жігіт пен ер адам сөзге келіп қалғаны анықталды. Кикілжіңнің арты төбелеске ұласқан. Бұзақылық дерегі бойынша екі жігітке қатысты ҚР ҚК 293-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп нақтылады полицейлер. Қазіргі таңда қажетті сараптама тағайындалған.