Полицеймен төбелескен павлодарлықтың 2 жылға бостандығын шектеді

 

 

 

 

Полицейлер мен 3 павлодарлықтың жанжалы туралы бүгін сотта айтты. Целинная көшесіндегі автобус аялдамасына шақырту түскен. Тәртіп сақшылары ер адамдарды бөлімшеге жеткізбек болған, бірақ олар қарсылық танытыпты. Біреуі тіпті төбелесіп бейне жетонды жұлып алып, полицейді тепкілеген. Оны қолға түсірген соң, бұл жағдай қылмыстық жауапкершілікпен аяқталған.

 

- Сот кінәсін толық мойындағанын және жасағанына өкінетінін, қылмысты масаң күйде жасағанын ескеріп, А деген азаматтың 2 жылға бостандығын шектеді. Және ол осы уақыт бойы пробациялық бақылаудан өтеді. Үкім заңды күшіне енді,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Сотта істі «Билік өкілін қорқыту немесе зорлық әрекеттері» дерегі бойынша қарады. Павлодарлық шынымен де жеңіл құтылды. Бап бойынша 2-ден 4 жылға бас бостандығынан айыруды қарастырады.