Ресейге кіруіне 2060 жылға дейін тыйым салынған шетел азаматына Қазақстанға келуге де шектеу қойылды
Оқиға 2024 жылдың шілдесінде басталған. Тәжікстан азаматы жұмыс іздеп Ресей Федерациясына барған кезде «Шереметьево» әуежайының шекара қызметі оны елге кіргізбей, кері қайтарған.
Кейін ер адам Ресей аумағына Қазақстан арқылы өтуге бекінеді. Ол Железин ауданындағы «Үрлітөбе» өткізу пункті арқылы шекарадан өткенімен, Ресейдің «Павловка» бекетінде оны тағы кіргізбейді. Сол жерде оған 2060 жылға дейін көрші елге кіруге ресми тыйым салынғаны хабарланады.
Көрші елге заңды жолмен кіре алмайтынын түсінген ол өткізу бекеттерін айналып өтпек болған. Алайда ол ойы да жүзеге аспады.
- Сот қылмыстық істі қысқартылған тәртіппен қарап, айыпталушыны кінәлі деп таныды. Оған жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және Қазақстан Республикасының аумағынан 5 жыл мерзімге мәжбүрлеп шығару түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді, — деп хабарлады Успен аудандық сотының баспасөз қызметі.

