• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Республикалық жол қоршаулары «Яблонька» саяжай тұрғындарына учаскелеріне жетуіне кедергі келтіруде

Республикалық жол қоршаулары «Яблонька» саяжай тұрғындарына учаскелеріне жетуіне кедергі келтіруде

 

Бағбандардың айтуынша, құрылысшылар жол бойындағы қоршауларды орналастырған кезде көшелерге түсу жолдарын қарастырмаған.

 

Әуежай айналымы орман аллеясына түсу жолынан бір жарым шақырым жерде орналасқан. 1 апта бұрын құрылысшылар жол бойында қоршаулар орната бастаған болатын. Бағбандар ыңғайсыздыққа көніп, өз учаскелеріне жету үшін үлкен қашықтық жерді айналып өтуге мәжбүр. Әсіресе, зейнеткерлер мен мүгедектерге қиын болды. Мысалы, Светлана Волченконың үйіне арнайы такси келе алмайды.

 

- Біздің көшелер мен үйіміздің жанынан өтетін жолды ашса деп тілейміз. Қазір жаз мезгілі болғандықтан, бір ебін табамыз. Ал қыс, күз кезінде көмір мен ағаш кіргізе алмаймыз. Бізге өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келе алмайды. Күз мезгілінде өрт жиі туындайды, біз тіпті өрт сөндірушілерді шақырта алмаймыз. Аялдаманы шегеріп, жолды жауып тастады, енді шалғайда тұратындай өмір сүріп жатырмыз. Қала жақын, 10 минуттық жер болғанымен, қаланың шетінде орналасқандай тұрамыз,- деді бағбан байырғысы.

 

- Бұнда өзіміз өсіріп, өзіміз егінді сақтап қала алмаймыз. Себебі жағдайдың жоқтығынан кейбір арбалар құлап, барлығы шашылады. Бұл жол жиегіндегі аумақ, қиыршық тастар мен шұңқырларға толы,- дейді Татьяна Воронина.

 

Бағбандардың айтуынша, бұл республикалық маңызы бар жол болғандықтан, әкімшілік қауқарсыз. Компанияның хабарлауынша – жөндеу жұмысының жобасы 2014 жылы елордада жасалған. Алайда, бір жыл өткеннен соң түзетулер енгізілген. Бірақ, бұдан кейін де қоршаулар арасындағы үзілістер қарастырылмаған.

 

-Жоба бойынша 7-ші пикетте қарастырылған, бұл Кенжекөл бағытындағы айналымнан 700 метр жерде. Содан соң 14-пикетте, бұл айналымнан 1400 метр және 25-пикетте – айналымнан 2,5 шақырым. Яғни, бұл екі үзіліс қосымша 14-ші және 25-ші пикетте де жасалынады,-деп мәлім етті «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Павлодар облысы филиалы директорының орынбасары Алексей Логвиненко.

 

Компанияда техникалық нормаларға сәйкес әрбір аллеяға түсу жолын жасай алмайтынын айтты. Айта кетсек, қосымша жұмыстарды қоса алғанда жол жөндеу жұмыстарының құны – 10 миллиард теңгені құрайды.