• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Шұңқырға құлап кеткен екі көлік иелері сот арқылы материалдық шығынды өтеуді талап етуде

Шұңқырға құлап кеткен екі көлік иелері сот арқылы материалдық шығынды өтеуді талап етуде

 

 

Естеріңізге сала кетсек, осы айда алпауыт жұмыскерлері қазған шұңқырға екі машина құлап кетті. Жапа шеккендер ол жерде жарық тартылмағанын айтады. Сол себепті тоқтап, жазатайым жағдайдың алдын алуға оларда мүмкіндік болмаған.

 

Бірінші көліктің иесі Серік Қабжановтың айтуынша оқиға қарашаның 9-ы кешкілік орын алған. Таңертеңнен бірнеше рет өткенімде ештеме болмаған дейді. Ал кешке қазылған орға жапсыра орнатылған темір қоршауды көре алмай қалған.

 

-Кешке қарай дәл осы тұста көше жарығы қараңғы болды. Мен жақындағанымда көліктің шамы да сығырайды. Тек бірнеше метр қалғанда мен қоршауды аңғардым. Қоршау болғанымен мүлдем көрінбейді. Шамдар тұр, бірақ тоққа қосылмаған,-дейді Серік Қабжанов.

 

Бұл оқиға әлеуметтік желіде де қызу талқыланды. Бірнеше күннен соң жолды екі жағынан жауып тастады. Алайда көлігін несиеге алған Қазбек Бәкіров те дәл сол қазылған шұңқырға көлікпен кіріп кетті. Айтуынша жарық болмаған, ал қоршауды жылжытып тастаған.

 

-Мен бұл шұңқырға бір көліктің құлап кеткенін естігенмін. Шұңқырға кіріп кеткен кезде ғана мұнда жөндеу жүріп жатқаны есіме түсті,-деді Қазбек Бәкіров.

 

Қазбектің жанында болған жолаушысы да жапа шеккен. Ер адам қазір алпауытты жауапқа тарту үшін барлық айғақтарды жинауда. Екі жүргізуші де көлігін қалыпқа келтіру үшін сотқа жүгінбек. Біздің кінәміз жоқ дейді.

 

- «Toyota» маркалы көлік мінген 35 жастағы ер адам ашық шұңқырға құлап кеткен жол көлік оқиғасы нәтижесінде екі жолаушы ауруханаға жүгінді. Дәл осындай оқиға қарашаның 9-ы күні тағы орын алды. Шамамен кешкі сағат жетілер шамасында 50 жастағы жүргізуші «Toyota Avensis» көлігімен дәл сол шұңқырға құлап кетті,-деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

 

«Павлодар-Водоканал» алпауыт компаниясы шұңқырға көлік құлау оқиғасынан соң ол жерде кәріз коллекторын жөндеп жатқандарын хабарлады. Қоршау да белгі де, жарық та орнатылғанын айтты. Жүргізушілерден абай болуды және қоршауды жылжытпауды сұрайды.