Шарбақты ауданында өрттен ер адам көз жұмды

 

 

Жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан баспана иесі көз жұмды дейді irbistv.kz тілшісі

 

Оқиға 14 қазан күні Шарбақты ауданы Малинов ауылында болған. Өрт сөндіру қызметіне таңғы сағат 06:12-де жер үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келген.

 

-Шақыруға келген өрт сөндірушілер дереу сөндіруге кірісті. Алаңы 15 шаршы метрді құрады, ағаш еден және әйнек жақтаулары жанып жатты. Өрт сөндіру барысында 1969 жылы туған адамның өлі денесі табылды, ол осы үйде жалғыз тұрғаны анықталды. Өртке
7-ӨСБ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт шығу себебі анықталуда,-деді облыстық ТЖД.


Фото: облыстық ТЖД.