• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Шеніне кір келтірді. Екібастұздық полицейді қызды зорлағаны үшін жұмыстан шығарды

Шеніне кір келтірді. Екібастұздық полицейді қызды зорлағаны үшін жұмыстан шығарды

Екібастұз тұрғынын есірткі сатады деген күдікпен ақпан айының ортасында ұстаған. Қыздың анасының айтуынша, оны күні бойы қаланың әр жеріне апарып, тергеу амалдарын жүргізген. Кейін бөлімшеге оралып, оны уақытша ұстау қапасына жібермеген, үйіне де босатпастан, жалдамалы пәтерге алып кетіпті. Ол жерде ішімдік ішіп, нәтижесінде қызметкерлердің бірі бойжеткенді зорлаған. Анасы бірнеше айға созылса да, тергеу амалдарының аяқталмағанын жеткізді. Тіпті күдіктіні де қызметінен босатпапты. Қазір облыстық полиция департаменті шешім шығарғаны белгілі болды. 

 

 

- Іс бойынша тиісті қосымша сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкері теріс пиғылдары үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Бірқатар басшылар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

 

 

Полицейлер зорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ал пәтерде бірге болды-мыс деген басқа да қызметкерлерге қатысты ешқандай мәлімет айтылмады.