• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Шетел азаматтары Ертіс ауданындағы құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеген

Шетел азаматтары Ертіс ауданындағы құрылыс алаңында заңсыз жұмыс істеген

 

 

 

Өзге елден келген еңбек күштеріне қатысты материалдар сотқа жіберіліп, үкім шығарылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Ертіс ауданында "Нелегал” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, құрылыс жұмыстары тексерілді. Нәтижесінде бұзушыларды анықтау мүмкін болды.


иісті рұқсатсыз құрылысшы болып жұмыс істеген Тәжікстан Республикасының азаматтары анықталды. Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Полицейлер шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырды. Ертіс аудандық сотының қаулысымен Тәжікстан Республикасының азаматтары 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды,-деп мәлім өтті облыстық ПД.