Шизофренияға шалдыққан Екібастұз тұрғыны әйелін шәйнекпен ұрған
Екібастұз тұрғыны 90- жылдардың басынан есепте тұрған көрінеді. Ер адам өткен жылдың қыркүйек айында әйелімен жанжалдасып қалған. Әйел соның нәтижесінде бас ми жарақатын алған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Әйел жұмыстан келгенде, ішімдік ұрттап алған ер адам қызғанып, ұрсыса бастаған. Сосын шәйнекті алып, басынан екі рет соққан. Әйел есінен танып құлап қалған, сосын ауруханаға жеткізілген.
Екібастұздық тұрғынға қатысты денсаулыққа қасақана орташа дәрежелі зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс ашылып, сот тыңдаулары ұзаққа созылмады.
-
Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалсын, - делінген Екібастұз қалалық сотының қаулысында.
Айта кету керек, жапа шегуші ер адаммен 35 жылдан астам уақыт бірге тұрған. Сотта ол оны өмір бойына емдеуге жіберуді сұрады. Айыпталушының қамқоршысы болып табылатын қызы да бұған қарсы болмады. Ол әкесі анасын үнемі соққыға жығатынын айтты.
Фото: Freepik.com

