• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Шулаған жігітті тыныштандырмақшы болған павлодарық пышақ жарақатынан көз жұмды

Шулаған жігітті тыныштандырмақшы болған павлодарық пышақ жарақатынан көз жұмды

28 жасар жігіт пен көп қабатты үйдің тұрғыны арасындағы жағдай шиеленісіп, соңғысы белбеуін алып, тыныштандырмақ болып сілтегенде көзіне тиеді. Жас жігіт жауап беру үшін қалтасынан бәкі алып шығып, қарсыласының ішіне сұғады. Соңғысы алған жарақаттан қайтыс болыпты. 

Полицейлер арты өлімге әкелген денсаулығына ауыр нұқсан келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотта жігіт қорғануды асыра сілтеу салдарынан өлтіріп алдым деп мәлімдеді. Қысқасы ол тек қорғанбақ болған.

Сот себебін тыңдағанымен, бапты өзгерпеді. Нәтижесінде 9 жылға бас бостандығынан айырды. Аппеляциялық алқа да шешімге өзгеріс енгізбеді.