• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Шымкент тұрғынын Павлодарда суррогат алкоголь сатпақшы болғаны үшін соттады

Шымкент тұрғынын Павлодарда суррогат алкоголь сатпақшы болғаны үшін соттады

 

 

50 жастағы кәсіпкер наурыз айында танысынан 21 мың бөтелкеден астам ішімдік сатып алып, біздің аймаққа жіберген дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Тауарды тиісті жеріне жеткізіп үлгермеді. ҰҚК қызметкерлері жүк көлігін Ақсуда ұстады. Ал бизнесменге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол кінәсін мойындап бас бостандығынан айырмауды сұрады, өзін көпбалалы әкемін деп түсіндірді. Сот бұны ескеріп, шамамен 1 миллион 300 мың теңге айыппұл салды. Ал тәркіленген арақты зарарсыздандыру құралы ретінде пайдалану үшін денсаулық сақтау мекемесіне беруді ұйғарған.

 

Фото: Freepik.com