Сотталғандардың арасындағы кикілжің
Сот онлайн тәртіпте өтуде. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай өткен жылдың желтоқсан айында ер адам сотталушы ұрлаған миллион доллардың қалғанын алмақшы болған. Жазасын өтеушіні алдап пәтерге шақырып алып, ұрып соғып, қалған ақшаны қайда тықтың деп қинаған. Бір тәуліктен соң ер адам үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп құтылады. Сөйтіп түрлі сынықтармен және көгерген денесімен ауруханаға түседі. Қазір оны ұрып-соқты деген күдікті тергелуде. Оны заңсыз адам бостандығын шектеді және ірі сомадағы ақша бопсалады деп айыптауда. Бап бойынша 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
