Су басқан Жалаулы ауылындағы апатты үйлер орнына жаңалары салынады



Даладан келген қар суы салдарынан 14 жер үй зардап шеккен еді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Өңіріміздегі ең қауіпті жағдай аталмыш елді мекенде орын алып, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі күні кеше күшін жойған еді. Бүгін облыс әкімі ауыл тұрғындармен кездесті.

-Елді мекендегі жағдай тұрақталды. Арнайы комиссия залал мөлшерін есептеп жатыр. Зардап шеккен тұрғындарға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Тоғыз үй қайта жөнделсе, апатты деп танылған бес үйдің орнына жаңалары салынады деп шешілді. Бұған демеушілік қаражат жұмсалады,-деп жеткізді аймақ басшысы.

Асайын Байхановтың айтуынша, су астында қалған үйдің ішіндегі бүлінген мүлік үшін де бюджеттен тыс қор арқылы өтемақы қарастырылады.