• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Суицидке жеткізген: Павлодарда жастарды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Суицидке жеткізген: Павлодарда жастарды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

 

Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылдың мамыр айында жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Топ мүшелеріне осындай 10 фактіге қатысы бар деген айып тағылып отыр.

-Ұйымдасқан қылмыстық топ азаматтарды қорқытып, 2 млн теңгеге дейін қаражат алған. Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Заңсыз әрекет салдарынан суицид жасауға дейін барған. Осындай оқиғалардың бірінде қорлық пен соққыға шыдамаған 22 жастағы жігіт өзін-өзі өлтіруге оқталған. Топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынды,-деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Павлодар облысының полиция департаментінде жәбірленушілерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: Облыстық ПД