Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Танысын картоппен өлтірген ер адамды 15 жылға соттады

оқиғалар

110
Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. Павлодар облысының тұрғыны өзінің танысын ішімдікті менсіз іштің деп басы мен кеуде тұсынан соққы жасаған.

Кейін оның мас күйде жатқанын көрген соң екі аршылмаған картопты алып бар күшімен ер адамның аузына тыққан. Нәтижесінде тыныс алу жолдары бітелген марқұм тұншығып көз жұмады. Бүгін сотталушыға үкім шығарды.

 

- Алқа билердің бірауыз шешімімен ҚР ҚК 99-бабы 2- бөлімі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып сотталдыңыз. Бұрын сотталмағаны және қылмыс жасаған сәтте мас күйінде болғаны ескерілді, - деді судья.

 

Нәтижесінде ер адамға 15 жыл берді. Алайда ол кінәсін мойындамады. Сонымен қатар жапа шегуші тарапқа 5 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()