• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Татьяна Феклистованың өліміне қатысты істі Павлодар соты жабық үлгіде қарайды

Татьяна Феклистованың өліміне қатысты істі Павлодар соты жабық үлгіде қарайды

Естеріңізге сала кетейін, тергеу нұсқасына сәйкес Татьяна Феклистованы күйеуі Павлодардағы әуеқалашық маңатында аяусыз ұрған. Оқиға түнгі уақытта орын алды. Ер адам әйеліне көптеген дене жарақаттарын жасап, нәтижесінде ол мерт болды. Ерлі-зайыптылардың қасында балалары да болыпты. Жағдайдан 12 жасар қызы да жапа шекті. Ол кішкентай бауырын алып, сайын далада қашуға әрекеттенген. Алдымен «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру салдарынан адам өліміне әкелу» дерегі бойынша іс қозғалып, кейін бапты «Адам өлтіруге» ауыстырды.

Тергеу амалдары бірнеше ай бұрын аяқталды, кейін оны сотталушының меңгеруіне берген. Материал енді ғана сотқа жіберілді. Және оны жабық үлгіде қарайды. «Процеске қатысушылардың жеке интимдік өмірлерін жария етпеу мақсатында», - деп атап өтті.