Той-томалақ азаймай тұр

-Аталмыш деректер бойынша материал Павлодар қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. Карантин тәртібі кезінде облыс бойынша барлығы 702 дерек анықталып отыр, - деді Павлодар қаласы ЖПҚ басшысы   Арман Қаптаев.

 

Екібастұзда да үйлену тойының үстінен түсті. Мұнда 60 астам адам жиналған. Қара тізімге бірнеше рет ілікке нысандар да бар. Олар бойынша мәселе қазір қарастырылуда.

 

-Қазіргі таңда үнемі назарға ілінетін заң бұзушыларды әлі жазаламадық. Алайда СЭС қызметкерлері мен бақылау тобы жұмысын жалғастыруда. Қазір прокуратура қызметкерлерімен бір түсінікке келдік. Санитарлық шараларды сақтамаған жағдайда заң бұзушылардың нысандарын  ұзақ уақытқа жабу әрекеті болуы мүмкін,- деп түсіндірді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов.

 

Алайда бұған шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий кедергі болып отыр. Алайда эпиджағдайды ескере отырып, прокурорлардың көмегімен бұған қол жеткізуге болады деген үмітте. Тойды ұйымдастырушылар мен нысан иелеріне тек айыппұл салып қана қоймай, қамауға алуға ниетті.