• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Түнгі клуб алдында адам өлтірген Екібастұз тұрғынына сот үкімі шығарылды

Түнгі клуб алдында адам өлтірген Екібастұз тұрғынына сот үкімі шығарылды

Естеріңізге салсақ, жанжал 2022-ші жылдың қаңтар айында орын алған. Ал мамыр айында айыпталушының анасы әлеуметтік желі арқылы оқиғаға назар аударуды сұрап, баласы шабуылдан қорғанды деп сендірген.

 Бейне камералар түсірген бейне әлеуметтік желіде мамыр айында жарияланды. Оны айыпталушының анасы таратқан. Айтуынша, бастапқыда клубтың қасында оның кіші баласына соққы жасаған. Кейін ағалары сөйлесуге келіп, оларды көп адам қарсы алған. Жанжал пышаққа дейін жетті. Аталмыш кадрлар оның дәлелі болды. Сот үкім шығарған кезде, өз-өзін қорғауды көрмегендігін жеткізді.

 -Айыпталушыға 8 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын. Өз мерзімін қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өткізеді. Үкім заңды күшіне шыққанан бастап мерзім есептеле бастайды,- деп мәлім етті Павлодар облысы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қадырбек Сатабаев.

Үкім оқылғаннан кейін сот отырысы эмоцияға толды. Мекеме маңында өзара айыптау басталды. Қос тарапты сот шешімі қанағаттандырмады.

-Бұл өз-өзін қорғау болды. Мен де онда болдым. Олар мас күйінде шабуылдады. Қаза тапқан спорт шебері болған. Ол басқалары үшін қару іспеттес,-деді айыпталушының анасы Айгүл Амирова.

-Бұл қасақана өлтіру болды. Ешқандай өз-өзін қорғану фактісі болған емес. Менің ағам ешкімге тиіскен жоқ. Дисктағы жазбадан қарауға болады. Куәгерлер де мұны дәлелдеді,-деп жеткізді қаза тапқан Руслан Миралиевтың әпкесі Тұрсынай Миралиева.

 Қаза тапқанның әпкесі сот үкіміне шағым түсіріп, максималды жаза, яғни 15 жыл қолдануды талап етеді. Айыпталушының туған-туыстары керісінше, апелляциялық сотта бапты өз-өзін қорғауға ауыстыруға тырысады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.