• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Түнгі клубтағы бейтаныс қызбен танысқан жігіт оны зорлады деп айыпталып, бас бостандығынан айырылды

Түнгі клубтағы бейтаныс қызбен танысқан жігіт оны зорлады деп айыпталып, бас бостандығынан айырылды

 

 

 

 

Айып қалай тағылғанын жігіттің анасы айтып берді. 2022 жылдың маусым айында оның ұлы достарымен клубқа барған. Онда ол бір қызбен танысып, сонымен өз үйіне барған. Таңертең анасы ұлының бөлмесінен бейтаныс қызды көріп, оның кетуін сұраған. Есіктен қуып шыққаны сол еді, біраз уақыттан соң тәртіп сақшылары келген.

 

-Балама арыз жазылды деп оны алып кетуге келдік деді. Зорлық жасады деп айтты. Ешқандай зорлық болған жоқ, мен өзім үйде болдым екендігін жеткіздім. Ұлым ата-анасы бар кезде, өз үйіне, жалпы қай жерде болсын, бұндай әрекетке бармас еді, -деді жігіттің анасы.

 

Қылмыстық істі зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері деген екі бап бойынша қарады. 23 жастағы жігіт үкім шыққанға дейін бостандықта болған, үкімнен соң оны қамауға алды. Сот оның кінәсі дәлелденді деп шешті.

 

-ҚР ҚК 120-бабы, 1-бөлімі, 121 баптың 1 бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Және 5 жыл 3 айға темір торға қамау жазасы тағайындалсын,-деп жеткізді Павлодар қалалық №2-сотының судьясы Әсемқоңыр Сайран.

 

Жас жігіт қауіпсіздігі орташа абақтыда жазасын өтейді. Судья іс бойынша көптеген сараптама жүргізілгенін хабарлады. Жапа дегуші тараптың қуынымын да ішінара қанағаттандырды. Оған 1 миллион 200 мың теңге төлеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Павлодарлықтың анасы оған шағмданбақ ниетте.