Тәртіп сақшысының бұтынан тепкен экс-полицейге сот үкімі шығарылды

 

 

Естеріңізге сала кетейін, 51 жастағы Нұрлан Өтелбаевты 2023 жылдың мамырында көлікті мас күйінде жүргізген кезінде ұстаған. Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды әрекетті орындамағанын және тарпа бас салғанын алға тартқан дейді irbistv.kz тілшісі

 

Нұрлан Өтелбаев бұрын тергеуші болып қызмет атқарған. Тіпті, тергеу бастығы қызметінен зейнетке шыққан. Айтуынша заңды жақсы біледі. 8 мамырға қараған түні ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін тоқтатылды. Нұрлан Өтелбаев жеке тасымалмен айналысқан. Оған сол сәтте салонда болған жолаушысы полицияға шағымын білдірген. Істің соңы айғайға ұласып төбелес орын алған. Запастағы подполковник оқиғадан кейін дәрігерге қаралып кейін арыз жазған. Алайда, полиция қызметкерлерінің әрекеті оғаш көрінбеген. Бұл уақытта, тәртіп сақшыларының бірі Нұрлан Өтелбаевқа қарсы арыз жазған. Бірден қылмыстық іс ашылып тергеу жүргізілді. Нәтижесінде, жаза тағайындалды.

 

- Аталған азаматтың бұрын соттамағандығы, асырауында балаларының барын, сондай-ақ қарт анасы бар екендігі ескерілді. Сондықтан оған пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Нұрлан Өтелбаев өз кезегінде аппеляцияға жүгінетінен нақты айтпады.