• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Усолка өзені жағасында бойжеткенді зорлау қылмысы бойынша сот үкімі шығарылды

Усолка өзені жағасында бойжеткенді зорлау қылмысы бойынша сот үкімі шығарылды

Айыпталушы екі павлодарлық бас бостандығынан айырылды. Тергеу нұсқасы бойынша, жігіттер бойжеткеннің мас күйін пайдаланған. Дегенмен, сотта олар өз кінәларын мойындамай, араларында ешқандай жыныстық қатынас болмағанын айтып ақталды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Сот үкімінде келтірілген мәліметтер бойынша екі дос велосипед теуіп жүріп, Усолка өзенінің жағасында, көпірдің сол жағында отырған екі жігіт пен бір бойжеткенді байқаған. Олар ортақ тіл табысып, бірге ішімдік ішеді. Оқиға 2025 жылдың шілдесінде болған. Түнгі сағат екіге таман біразы ұйқыға кеткенде, әлгі екі жігіт кешті тамаша әсерде аяқтауды шешіп, бойжеткенді қасындағы шатырға күштеп апарады. Онда екеуі бірге зорлап, жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткенімен, келесі күні таңертең полиция қолға түсірді. Бұл іс бойынша тергеу мен сот шаралары бір жылға созылған.

 

- Олардың әрқайсысы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы және 121-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, барынша орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады. Үкім заңды күшіне енді,-деп жеткізді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Ер адамдар кінәлерін мойындамады. Біреуі бойжеткеннің өзі қырындап, жабысқанын, бірақ әйелі бар болғандықтан бас тартқанын айтып ақталды. Ал екіншісі мүлде бәрін сырттай бақылап тұрғанын алға тартты. Дегенмен, сараптама қорытындылары айыпталушылардың сөзін жоққа шығарды.