Успен ауданында ұсталған мас жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылды
Ауыл тұрғыны көлік құралын орта дәрежелі мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Успен ауылдық округін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Audi 100 көлігін тоқтатып,
тізгіндегі ер адамның алкоголь ішкені байқалып, медициналық куәландыру қорытындысы бұны растап, орта дәрежелі мас күйін анықтаған.
-Жүргізушіге қатысты көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде жүргізгені үшін, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде тұрған адамға бергені үшін әкімшілік іс қозғалды. Материал сотта қаралды, онда сот қаулысымен ер адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Фото: Облыстық ПД