• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Уылдырық шашу кезеңі басталғалы балық инспекциясы 22 заң бұзушылықты анықтаған

Уылдырық шашу кезеңі басталғалы балық инспекциясы 22 заң бұзушылықты анықтаған

 

 

 

Екібастұздық тұрғынның жүксалғышынан салмағы үш жүз келіден асатын 12 қап балық тәркіледі. Енді ер адамға он миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге тура келеді. Балық инспекциясының мамандары уылдырық шашу кезіндегі тыйым қарамастан бүкіл аудандарда балық аулау деректері тіркелуде дейді.

 

-Инспекция 22 құқық бұзушылықты анықтады. Үш материал сотқа жіберілді. Қайық, тор, ау тәркіленді. 30 мамырға дейін тыйым салынған. Жыл басынан бері 94 құқық бұзушылық анықталды, 3 қайық, 100 келі балық тәркіленіп, екі миллион теңгеден астам айыппұл салынды,-деді балық шаруашылығының Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн инспекциясының бас маманы Василий Павлов.

 

Мамандар заңсыз балық аулағаны үшін қандай жаза күтіп тұрғаны балықтың салмағына байланысты дейді. Көбінесе аздаған айыппұлмен құтылады дейді.