• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Заңсыз балық тасымалдаумен айналысқан Екібастұз тұрғынына айыппұл салынды

Заңсыз балық тасымалдаумен айналысқан Екібастұз тұрғынына айыппұл салынды

Заңсыз балық тасымалдаумен айналысқан Екібастұз тұрғынына айыппұл салынды, – деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінде.

37 жастағы жүргізуші тиісті құжаттарынсыз бес қап балықпен ұсталды. 31 қаңтарда сағат 11.45-те Стелла-Екібастұз автожолында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ВАЗ 21214 автокөлігін тоқтатты. Оның салонында жалпы салмағы 30 келіден асатын бес қап балық болды, бұл ретте жүргізушіде рұқсат берілген құжаттары болған жоқ. Әуесқой балықшыларға бес келіге дейін тасымалдауға рұқсат етілген.

-Тексеру барысында ер адамның бұрын балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Осыған байланысты, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – деді Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Омаров.

Полиция жыл басынан бері балық аулау ережелерін бұзғаны үшін Павлодар облысында 13 әуесқой балықшы жазаланғанын атап өтті.