Павлодар жылу маусымына неге дайын емес?

Мәселен, Естай көшесіндегі №134/2-үйдің тұрғындары жаз бойы қайнақ сусыз отырды. Бүгінде жылу беру үдерісімен кешігуде.

- Көктемнен әлі күнге дейін ыстық су және жылу жоқ. Оның себебін ешкім түсіндірмейді. Соңғы 5 жыл бойы ауламызда қазба жұмыстарын өткізеді. Жаз бойы қимылдамай тек күн суығанда ғана жұмыстар қолға алынады. Жылыту маусымына үйіміз толықтай дайын, - деді Естай көшесіндегі №134/2-үйдің тұрғыны Юлиана.

Редакциямызға соңғы күндері жылу жоқтығына байланысты келетін шағымдар арта түскен. Кейбіреулері батареяларымыз сәл жылы десе, басқаларына мүлдем берілмеген. Бүгін шенеуніктер мен алпауыт өкілдері жиын өткізді. Қаламызда 56 көпқабатты жылусыз отыр. Басты мәселе орамішілік жүйенің тозу көрсеткішінде.   

- Біз жылу берудеміз, алайда орамішілік желілерде үнемі ақау анықталып отырады. Бүгін аталмыш желілер ерекше бақылауды қажет етеді. Тозу көрсеткіші ең жоғары Химқалашыққа тиесілі. Барлық 3 жылу энерго орталықтары максималды температура беруде, - дейді Арслан Қалиақбаров, Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы.

Бүгінде Химқалашық, Нұрмағамбетов, Ломов және қаланың оңтүстігіндегі Гагарин, Теплов көшелеріндегі орамішілік желілерді жаңарту үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Бұған 5 миллиадр теңге қаражат жоспарланған. Мамандар жылыту маусымы нақты қашан ретке келетін мерзімді атамады.  

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа