• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Жасанды дауыс пен дипфейк: тәртіп сақшылары алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

Жасанды дауыс пен дипфейк: тәртіп сақшылары алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

Тәртіп сақшыларының айтуынша, интернеттегі алаяқтық әдістері үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі таңда қаскөйлер адамдардың сеніміне кіру үшін психологиялық қысым көрсету тәсілдерін де жиі қолдануда.

 

Тағы бір жиі кездесетін схема — WhatsApp және өзге де мессенджерлердегі парақшаларды иемдену. Тұрғындарға «танысыңа дауыс бер», «қосымшаны жаңарт» немесе «есептік жазбаны раста» деген жалған хабарламалар жіберіледі. Аталған сілтемеге өтіп, растау кодын жазған пайдаланушы жеке парақшасына кіру мүмкіндігінен айырылады.

 

— Биылғы он айдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыстардың тіркелуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға төмендеді. Өңірде 10 ай ішінде 1 337 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында олардың техникалық және қаржылық инфрақұрылымын қамтамасыз етіп отырған тұлғалардың қызметі тоқтатылды. Атап айтқанда, заңсыз SIM-карталарды белсендірумен және ақшаны қолма-қол шығарумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Заңсыз айналымнан 120-дан астам ұялы құрылғы, 500 SIM-карта, 39 банк картасы және 2 SIM-box құрылғысы тәркіленді, — деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінен.

 

Полиция ешқандай «қауіпсіз шоттардың» болмайтынын қатаң түрде еске салады. Банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғындардан ешқашан SMS-кодтар мен құпиясөздерді сұрамайды, бөтен шотқа қаражат аударуды немесе телефонға қашықтан басқару қосымшаларын орнатуды талап етпейді.