Жастар арасындағы төбелеске қатысты қылмыстық іс жабылды

-Осы жылдың 13 қыркүйегінде аталмыш сотқа дейінгі тергеу бойынша өндіріс ҚР қылмыстық процессуалдық кодексінің 35 бабы 1 бөлімі 12 тармағы бойынша,  яғни тараптардың ымыраға келуіне байланысты тоқтатылды,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы.

 

Тараптар тергеу басталғаннан кейін екі айдан соң татуласқан. Естеріңізге сала кетейін жанжалға қатысқандар 18 және 19 жастағы жігіттер. Жапа шегушінің денесінен көгерген іздер мен жаралар анықталды. Сонымен қатар бейнені түсірген адамға қатысты да іс қозғаған еді. Ол бойынша тергеуді тоқтатты. Қазір сараптама нәтижесін күтіп отыр.