• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Жасөспірімді зорлағаны үшін 12 жылға сотталған жігіт түрмеде өз-өзіне қол жұмсады

Жасөспірімді зорлағаны үшін 12 жылға сотталған жігіт түрмеде өз-өзіне қол жұмсады

Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін үкім шығарған болатын. Тергеу анықтағандай, олар 2025 жылдың басында әлеуметтік желі арқылы танысқан. Ол кезде жасөспірім 15-те, ал сотталушы 19 жаста болған. Жақын қатынас өзара келісіммен болғанымен, заң талабына сәйкес бұл — ауыр қылмыс. Қыздың анасы полицияға арызданғаннан кейін қозғалған іс сотта қаралып, жігітке 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді.

Колонияда жарты жыл отырған жас жігіттің мәйіті жуырда табылды. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, мекемедегі бейнебақылау камераларының барлық жазбалары тәркіленіп, тергеу барысы жіті бақылауға алынды.