Жатақханадан шығу амалы: Павлодарлық студенттер биік қабаттан құлады
Павлодарлық колледж студенттері жатақханадан шығу үшін терезеден төсек жаймасын пайдаланып, әрекеттері сәтсіз аяқталған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, түнгі сағат 01:15-те екі кәмелетке толмаған колледж студенті төртінші қабаттың терезесінен жерге құлаған. Тез арада жатақханаға ақ халаттылар шақыртылды.
– 16 және 17 жастағы зардап шеккен екі қыздың жағдайы орташа ауыр, екеуі де қажетті ем алуда. 2007 жылғы қызда жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, кеуде, бел омыртқасының, аяқтың созылуы тіркелді. Ал 2008 жылы туған екінші қызда бірінші дәрежелі кеуде омыртқаларының компрессиялық сынығы тіркелді. Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылды,-деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында.
Фото: Freepik.com