Жауапыз махаббат

Ал жуықта Екібастұз қаласындағы бойжеткеннен түскен өтініш бәрінен ерекшеленген. Ол танысы екеуінің арасындағы қарым-қатынасты реттеп беруді сұрапты.

 

-Ер адамның отбасысы бар екендігін білген қыз онымен кездесуден үзілді-кесілді бас тартқан. Алайда жігіт оның бұл қарсылығына қарамастан, кездесуге шақырып, түрлі сыйлықтар жасап, тәулік бойы телефон шалып, мазасын алған. Тіпті ол үшін ажырасып кеткендігін де айтыпты. Бұл әрекеттерін оның артына түсу деп ұйғарған бойжеткен полициядан көмек сұрады, - дейді Павлодар облысы полиция департаменті басқарма штабы бастығының орынбасары Ерболат Мұратхожин.

 

Айтуларынша, учаскелік инспектор 37 жасар Екібастұз тұрғынымен ашық әңгіме жүргізіп, бойжеткеннің ары қарай онымен қарым-қатынас жасауды қаламайтындығын түсіндірген. Және егер бұл әрекеттері қайталанатын болса, оны жауапкершілікке тартуға тура келетіндігін де жеткізіпті.