Жаңа мүмкіндіктер мен білікті кадрларды даярлаудағы тың жобалар

Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орнында шамамен 5 мың студент білім алуда. Олардың 80%-дан астамы мемлекеттік грант иегерлері, бұл тұрғыда 30%-ы жоғарғы шәкіртақы алады. Павлодар педагогикалық университеті тарапынан көрсетілетін көмектер де аз емес. Жоғарғы шәкіртақыдан бөлек, облыстық және республикалық олимпиада жеңімпаздарына, сондай-ақ, көп балалы отбасынан шыққан талапкерлерге оқу орнынан грант бөлінеді.

 

- Осының бәрі педагогикалық білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың нәтижесі екеніне сенімдімін. Мұғалімнің мәртебесі, жалақысы көтерілді, педагогикалық мамандықтардағы студенттердің степендиясы көбейді. Еліміздің педагогикалық ЖОО түсуге қойылатын талаптар күшейтілді. Мұның бәрі біздің университеттің қоғаммен мемлекет алдындағы жауапкершілікті арттырады, - деді «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев.

 

 

Павлодар педагогикалық университеті әлемдік ЖОО тығыз байланыста. Халықаралық қарым-қатынас қарқыны жыл санап артуда.  Мәселен, арнайы бағдарлама арқылы 45 студент Латвия, Венгрия, Малайзия сынды елдерде білім алды. Шетелдік студенттер контингенті 27-ден 89 адамға көбейтілді. Осы орайда университет ректоры Жанбол Жилбаев білікті сарапшылар көмегімен оңтайлы жобалардың жүзеге асырылып жатқантығын айтты. Айта кетейін, биыл 3 инновациялық және 8 жаңа жоба ашылған еді.

 

- Барлық оқу корпустары қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 6 мамандандырылған спортзал, 3 ашық алаң, 6 жолағы бар 25 метрлік бассейін бар. Бүгін Қазақстанның ЖОО академиялық еркіндік берілді. Осы аспект университетті басқару толығымен өзгертілді. Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша факультеттер орнына 4 жоғары мектеп ашылды. Бұл жұмыстар Назарбаев университетінің сарапшыларының көмегімен жүзеге асуда, - деді Жанбол Жилбаев. 

 

 

Тәжірибе мен зерттеулерге негізделген білім беру бағдарламаларын жетілдіру жалғаса бермек. Ең бастысы - студенттерге қолайлы жағдайлар жасау. Болашақ педагогтердің қайнар көзіне айналған Павлодар педагогикалық университеті осылайша дамудың әр сатысына нық қадам басуда.